Мемлекеттік рәміздерге 26 жыл
1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді.
Егемен еліміздің Елтаңбасы екі танымал сәулетші – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегінен туындаған туынды.
1992 жылы Әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан Әнұранының авторлары — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди.
2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұранға айналды.