Дін дәрі сияқты, мөлшерден артық қолдансаң, зиянын көресің - Ермекбаев

вкл. .

Дін мейірім шашуы керек. Оның пайдасын дәрімен салыстыруға болады. Алайда оны шамадан тыс пайдалану зиянын тигізуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен басшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған министрлікті құру барысында оған нақты тапсырмалар беріп, айқын міндеттерді жүктегенін атап өтті.

Ол – еліміздегі дін саласындағы тұрақтылықты қамтасыз ету және діни экстремизм мен радикализм көріністеріне жол бермеу, азаматтық қоғам институттары мен диалогты ынтымақтастықты дамыту, жастардың табыстылығы мен белсенділіктерін арттыру сынды міндеттер. Сонымен қатар, Дін істері министрі еліміздегі діни радикализммен қалай күресіп жатқанын жеткізді.

«Президент діни радикализмнің кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруды тапсырды. Бұл міндетті орындау үшін біз қоғамдық пікір мен көңіл-күйді мұқият зерделедік. Зерттеу нәтижесінде қоғамда дінге қатысты әртүрлі пікір бары анықталды. Сарапшылардың көмегімен арнайы зерттеулер жүргіздік. Оның нәтижесінде белсенді пікір алмасулар ұйымдастырылды», - деді ол ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Осы орайда Нұрлан Ермекбаев пікір алмасу нәтижесінде министрлік қоғамдастықтармен бірігіп, мемлекет пен дін арасындағы қазақстандық моделін, ислам дінін және діни мәтіндерді түсінудің қазақстандық мектебін қалыптастыру қажеттігі туралы қорытындыға келгенін атап өтті.

Оның айтуынша, бұл моделді іске асыру үшін дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп, Президент Жарлығымен бекітілген.

Сондай-ақ, министр діннің пайдасын дәрімен салыстырды. Бірақ ол оны мөлшерден тыс қолдану зиянын тигізуі мүмкін екенін мәлім етті.

«Біз «Мемлекет дін немесе сенімге қарсы емес» деп мәлімдейміз. Бірақ оны дәріптеумен де айналыспаймыз. Дін мейірім шашуы керек. Оның пайдасын дәрімен салыстыруға болады. Негізі дәрі пайдалы болады. Бірақ оны дұрыс емес немесе тым артық қолданса, одан пайда емес зиян келуі мүмкін. Мемлекет діни бірлестіктерді өзінің сенімді серіктесі ретінде көреді. Сонымен бірге дін саясиланып, заңдарды алмастырмауы керек. Діни біліктілік дұрыс тәрбие, саяси сауаттылықпен сүйемелденіп, сындарлы көзқараспен қабылдануы керек», - деп түйіндеді сөзін Нұрлан Ермекбаев.

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить