Басып шығару

"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы"

вкл. .


"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы" аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Амантай Садиев пен "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин Құрайлы ауылдық мәдениет үйінде
ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қатысқан тұрғындар асыл дініміз исламның бейбітшілік діні әрі оның радикализмге еш қатысы жоқтығы жайында уағыз-насихат тыңдады. Тыңдап қана қоймай, мамандарға көкейдегі сауалдарын қойып, ашық сұхбатқа белсенді араласты.
Басып шығару

ЖАМАҒАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ

вкл. .


Облыс басшысы Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында қала әкімі І. Испановтың қолдауымен қала мешіттерінің жамағаттары арасында шағын футбол турнирі басталды.
Басып шығару

АТТ МҮШЕЛЕРІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚТАН ӨТТІ

вкл. .


Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму Министрлігінің қолдауымен Орал қаласында өтіп жатқан АТТ мүшелерін қайта даярлау курсының екінші күні де сәтті өтті. Семинарға арнайы Павлодар қаласынан шақыртылған «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС ди⁠ректоры, психолог Раздықова Гүлназ Мақсутқызы жамағатпен жұмыс барысында АТТ мүшелері білуі тиіс мәліметтер, психологиялық әдіс-тәсілдер мен кері байланысқа шақыру жолдарын үйретті. Сонымен қатар Қоғамдық келісім комитетінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Гайко Ольга Александровна протестантизм және оның жаңа ағымдары жайлы бейнероликтер көрсету арқылы халықтың жат ағым ықпалына қалай және не себепті түсіп қалатынын жан-жақты талқыға салды.
Басып шығару

МАМАНДАР ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНДЕ

вкл. .

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының меңгерушісі Кеңшілік Тышхан және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншиннің қатысуымен Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында мамандар жат ағымнан сақтану жолдары тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жастар тарапынан сауалдар қойылды. Нәтижесінде колледж студенттері көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, оларға бөгде адамдармен сұхбат немесе ғаламтордағы кездейсоқ танысулардан абай болу керектігі ескертілді.
Басып шығару

ОБЛЫСТЫҚ АТТ МҮШЕЛЕРІ ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫНДА

вкл. .


Қоғамдық даму министрлігі мен «Парасат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысында 22-26 қазан аралығына жоспарланған дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау курстары бастау алды. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған 120-ға жуық қатысушы бүгін екі топқа бөлініп, дәрістерін бастады.