Басып шығару

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АҢСАРДА

вкл. .


Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің орынбасары Әбішев Еркін Жұмаханұлы бастаған топ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығына келіп, орталық тынысымен танысты. Орталықтың басшысы Нұрсұлтан Берікұлы Ақтөбедегі діни ахуал жайында баяндай келе, тың тәжірибелерімен бөлісті.
Облыс және қала әкімдерінің тапсырмасына сәйкес облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мақсатты аудиториялармен жұмысы, қолданатын әдіс-тәсілдері қандай нәтиже беріп жатқанын баяндады.
Басып шығару

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

вкл. .


Ақтөбе қаласының әкімдігі және «Нұрлы» ақпараттық-кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен «Діни радикалдық идеологияға қарсы тұрудағы әйелдің рөлі» тақырыбында конференция өтті.
Жиында Павлодар қаласынан арнайы қонақ ретінде шақырылған психолог - Гүлназ Раздықова, «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының басшысы - Айгүл Дүйсенова және қала мешіттерінің ұстаздары – Қошқарова Кенжегүл мен Алтынай Исаева бүгінгі қоғамдағы қыз-келіншектерге қатысты мәселелерді көтеріп, талқыға салды.
Аталмыш шараға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары да қатысып, көтерілген тақырыптарға қатысты ой бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.  Мамандар Астана  және Алматы аудандарының әкімшілігінен келген мамандардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын қабылдады.
Басып шығару

ОЙЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

вкл. .


«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Ойыл ауданы мен ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.  Облыстық дін істері басқармасының бас маманы - Н.Сәрсенбаев, «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Н.Смағұлов және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологы Ж.Мирманов Ойыл аграрлық колледжінің студенттерімен,  аудандық орталық аурухана және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, деструктивті діни ағым ұстанушыларының ерекшеліктері жайында баяндап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кітаптар мен ақпараттық бүктемелер таратты.
Басып шығару

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

вкл. .


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Педагогика және психология факультетінің студенттеріне "ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ - ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ" тақырыбында тәрбиелік-тағылымдық түсіндіру шарасы өтті. Аталған шараға Ақтөбе дін істері басқармасы ММ "Аңсар" ақпараттық талдау орталығынан теолог Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы шақырылып,  студенттерге жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді, студенттер өздерін ойландырып жүрген түрлі сұрақтарына жауап ала алды. Шара соңында 2 курс студенті М.Сабиеваның жеке туындысын Жарылқап Ақнұр нақышына келтіре орындап, тыңдармандарға терең  ой салды.
Басып шығару

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР

вкл. .


Ақтөбе қаласының білім бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы бірлесе отырып қаладағы жалпы білім беру ұйымдарында экстремизм мен терроризм және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесуде.