Қажылық мерзіміне 30 мың медициналық қызметкерлер жұмылдырылады

вкл. .

Сауд Арабия Өкіметі Мекке мен Мединеге жыл сайын қажылықтарын өтеуге келетін қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 30 мыңға жуық медициналық қызметкерлерді жұмылдырмақ. Бұл жөнінде Сауд Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігінде мәлімдеген.

Қажылық мерзімі кезінде қиындыққа ұшыраған қажыларға кез-келген уақытта жәрдем көрсетуге дайын болар 30 мыңға жуық медициналық қызметкерлер жұмылдырылуда.

Қазақстанда Құранның көне данасы табылды

вкл. .

Қазақстанда Жалағаш ауданында орналасқан Мырзабай Ахун кесенесін  қайтадан жөндеу кезінде Қасиетті Құранның көне данасы табылған екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл кітапқа 150 жылдан астам уақыт болған.

Кzvesti.kz хабарлауынша, құнды жәдігерді Ахунның шөбересі Ораз Салқашұлы тапқан екен.

Мұсылманның жасаған амалы - Испания халқын аузына қаратты

вкл. .

Ішінде мол қаржысы бар сөмкені тауып алып, иесіне қайтарған алжир мұсылманы бір сәтте испан баспасының басты кейіпкеріне айналды.

2001 жылдан бері Испанияда тұрып келе жатқан алжир Хавари Саади­ни, Пальма-де-Мальорка қаласының бір көшесінде иесіз жатқан сөмкені тауып алады.

Мұндай олжаға таңқалған Саадини көп ойланбастан сөмкені жақын маңдағы полиция бөліміне тапсырған. Кейін белгілі болғандай, бұл сөмкенің иесі жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері  37 жастағы Румын тұрғыны болып шыққан. 

ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТКЕН КӨМЕК

вкл. .

Тілсіз жаудан жапа шеккен Тоқмағанбетовтер жанұясының бүгінгі жай-күйі жан баласы қызығарлықтай емес. Бір пәсте үйі өртке оранып, бес баламен бірге баспанасыз қалған отағасының ойы сан-саққа кетіп, шарқ ұрады. Жылдар бойы жинаған дүние-мүлкі, барлық құжаттарға дейін отқа отын болғанын, үйінің күл-талқаны шыққанын ойласа, өз көзіне өзі сенбейді. Тек жұбайы екеуі жұмыста болған кезде орын алған опатты жағдайдан балалары бас сауғалап қашып шығып, аман қалғанына Аллаға шүкір дейді.

Астероидқа мұсылман қыздың есімі берілді.

вкл. .

AҚШ ғарыш агенттігі 33535 нөмірлі астероидты ботаника саласындағы өзінің ғылыми жұмысы үшін Фатима бинт Абдель-Монейм әл-Шейхтің атымен атады.

Мұсылман қыз өз ғылыми жобасын таныстыра отырып, 2016 жылы Халықаралық ғылым және инженерлік жәрмеңкесінде екінші орынды иеленген болатын.

Айта кетсек, бұл Америка Құрама Штаттары Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының  астероидты мұсылман елінен келген жас ғалымның атымен атаған бірінші жағдайы емес.