Жоғары білімді мұсылман қыз-келіншектерді Үкімет аянбай марапаттайды

вкл. .

Үндістан Үкіметі әлеуметтік бағдарламаны іске қосатынын жариялаған, бұл бағдарлама аясында тұрмыс құрмай тұрып жоғары оқу орнын бітірген әрбір мұсылман қыз-келіншек үйлену тойына 51 мың рупия (800$) көлемінде сыйлық алатын болады.

National Geographic -40°C-да салынған Астана құрылысы жөнінде фильм көрсетеді

вкл. .

National Geographic телеарнасы айналдырған бір 20 жылда жалпақ түзде қазіргі Қазақстанның астанасы қалай салынғандығы туралы деректі фильм көрсетеді.  

«Казинформ» ХАА-ның хабарлауынша, бұл фильмде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналып салынған «Нұр Әлем» сферасына ерекше көңіл бөлінбек, өйткені ол осындай көлемдегі сфера түрінде әйнекпен көмкеріліп салынған әлемдегі жалғыз нысан.

Қағбаның жамылғысын 3 метрге көтерді

вкл. .

Қасиетті Меккеде жылдағы қажылыққа дайындық барынша қарқынды жүріп жатыр. Осы шара аясында Қағба жамылғысы 3 метрге көтеріліп әрі төменгі жағы ақ мақталы матамен көмкерілген.

Бұл қажылық кезінде миллиондаған қажылар айналып өту кезінде жамылғыны қорғау әрі оның тазалығын сақтау үшін жыл сайын жасалатын рәсім.

Дубайда кітап пішініндегі кітапхана салынып жатыр

вкл. .

Дубай муниципалитетінің өкілдері қаланың жаңа көрікті жері - Mohammad Bin Rashid Library кітапханасы салынып жатқан Dubai Creek маңындағы 66 мың шаршы метр жер теліміне барып қайтқан.

Жоба құны миллиард дирхамға ($272 млн) бағалануда. Ғимараттың пішіні ашық кітап түрінде болмақ және онда жертөлесі бар басты ғимарат, астыңғы қабаты бар жеті қабат, сондай-ақ, кітаптарға арналған орталық қойма болмақ. 

Иерусалим – 2018 жылдың ислам жастар астанасы

вкл. .

Иерусалим - 2018 жылдың ислам жастар астанасы болып жарияланған.  Бұл жөніндегі тиісті келісімге Ислам конференциясының диалог және ынтымақтастық жастар форумының басшысы Эльшад Исгандаров пен палестина футбол қауымдастығының президенті Джибрил Раджуб қол қойған болатын.