Нурлан Ермекбаев: Ряды радикальных организаций на 80% составляют молодые люди

вкл. .

Министр по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан Нурлан Ермекбаев принял участие в Международной министерской встрече руководителей ведомств, занимающихся реализацией молодежной политики. Встреча в г. Москве объединила представителей более 70 стран мира. Цель данной встречи - координация совместных действий ведомств по преодолению современных вызовов, стоящих перед молодежью, сообщает пресс-служба ведомства. С приветственным словом к участникам встречи обратилась Посланник Генерального секретаря ООН по делам молодежи г-жа Джаятма Викраманаяке.

Үндістандық мұсылман жастар Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайды

вкл. .

Үндістан мұсылман студенттері ұйымы ұлттық делегаттарының конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі Қазақстанға арналған арнаулы сессия ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі. «Kazakhstan: Home of Peace» (Қазақстан - бейбітшілік ұясы) тақырыбындағы сессия жұмысына Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің өкілдері, Үндістан Мұсылман студенттері ұйымының жүзден астам мүшесі қатысты.

Қазақстан мен Ресей діни салада әріптестікті дамытуды жалғастырмақ

вкл. .

Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев РФ Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті. Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі туралы әңгімеледі. «Мемлекеттің дін саласындағы стратегиялық мақсаты – мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуінің қазақстандық моделін барынша жетілдіру болып табылады, ол зайырлы құндылықтардың басымдықтарына және деструктивтік діни үрдістерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға негізделеді» деді Нұрлан Ермекбаев. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасында дін саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық шарттар күшіне енген. Атап айтқанда, Нұр-Мүбарак университеті мен Мәскеу Ислам университеті арасында меморандум, РФМДБ (Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасы) жанындағы Ресей Ислам институты мен Мәскеу Ислам университеті және ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы) арасында әріптестік орнатылып, меморандум бекітілген. Министр Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, қол қойылған келісімдер азаматтардың рухани тұрғыда дамуына негізделген. «Діни саланы реттеу және деструктивтік діни идеялардан халықты қорғау, діни экстремистік ұйымдардың ықпалына ұшыраған адамдарға қол ұшын созу және рухани білім беру салаларында тәжірибе алмасуды дамыту шеңберінде жасалатын жұмыстар біздің қоғамда бейбітшілік пен келісімнің одан әрі нығаюына ықпал етеді» деп өз пікірін білдірді Нұрлан Ермекбаев. Қазақстан тарапы халықты діни тұрғыда сауаттандыру және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ имамдарды дайындау және қайта даярлау бойынша тәжірибе алмасуды ұсынды.
Толығырақ: http://kazislam.kz/basty/item/15230-kazakstan-men-resej-dini-salada-ariptestikti-damytudy-zhal-astyrmak-foto
Материалды көшіріп басу үшін Kazislam.kz сайтына сілтеме көрсету талап етіледі.

 Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев РФ Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті.

ҚМДБ: «НАСИХАТ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС» БӨЛІМІ АШЫЛДЫ

вкл. .

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі ашылды. Бөлім меңгерушісі қызметіне Алтынбек Ұтысханұлы тағайындалды. Бөлім қарамағына «Жастар ісі», «Әйел-қыздар» секторлары мен «Хикмет» студиясы қосылды. «Жастар ісі» секторына Әділет Көпенов жетекшілік етсе, «Әйел-қыздар» секторының жұмысын Ақбөпе Тілегенова үйлестіреді. Ал Ерболат Сапаров, Құлмақан Салыбеков, Қайсар Тұрлыбеков және Білімбек Солтанмұрат «Хикмет» студиясының жұмысын жүргізбек. Сәнжан Тоғым «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы қызметіне қабылданды. 

Мұсылман әйелдеріне ортақ мәселелер талқыланды

вкл. .

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызымен   арнайы кездесу өтті. Кездесуге  Павлодар қаласындағы  мешіттердің әйел жамағаттары, қоғамдық қызметтегі белсенді әйелдер,  дін жанашырлары,  қадірлі әжелер мен апалар  көптеп қатысты.