Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы өтеді

вкл. .

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласында 2 наурызда Еуразия мұсылман ғұламаларының форумын өткізеді. ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде осындай шешім қабылданды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз айтулы іс-шараны жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.

Ақтауда антитеррористік теңіз жедел штабы құрылады

вкл. .

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Осы орайда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр Ақтауда теңіз жедел штабы құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

Назарбаев халықаралық терроризм туралы пікір білдірді

вкл. .

CCTV телеарнасына сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық терроризм туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Қытай Халық Республикасының басшылығы үш зұлымдықпен - экстремизм, терроризм және сепаратизммен күрес бойынша ұсыныс тастады. Біз бұл ұсынысты қолдаймыз және бірлесе жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті Президент өз сұхбатында. Президенттің айтуынша, терроризм Сирияда анық байқалды және ДАИШ терроризмнің нағыз зұлымдық екенін, мұнымен күресу қажеттігін көрсетті.

Түркия Республикасы елшілігінің өкілімен кездесу өтті

вкл. .

2018 жылдың 14 ақпанында Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығында Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ғалип Ақынмен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ғалип Ақын Орталықтың қызметімен танысып, орталық тарапынан әзірленген әдістемелік құралдар мен ғылыми-талдамалық материалдарға үлкен қызығушылық танытты.

15 ТЕОЛОГОВ И ПСИХОЛОГОВ НАБЛЮДАЮТ ЗА РЕЛИГИОЗНОЙ СИТУАЦИЕЙ В АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

вкл. .

Актобе. 15 февраля. В Актюбинской области в результате профилактической работы снижается количество приверженцев деструктивных религиозных течений. По итогам прошлого года в традиционную веру братились около 400 человек, передает корреспондент МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу акима области.

Заседание совета по связям с религиозными объединениями прошло в акимате области.