ҚАЗАҚСТАН ӨМІР СҮРУГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЕЛДЕР РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

вкл. .

Өмір сүруге қолайлы орташа бағалар Нью-Йорктегі көрсеткіштермен салыстырылған. GOBankingRates порталының сарапшылары өмір сүруге қолайлы 50 елді іріктеп алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі InAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. Сараптама жүргізу үшін тұтынушылардың не сатып алатыны, жылжымайтын мүліктің, мейрамхана және басқа да ойын-сауық орындарында көрсетілетін қызмет бағасы есепке алынды. Үш көшбасшы қатарында Үндістан, Сауд Арабиясы және Пәкістан бар.

Дін дәрі сияқты, мөлшерден артық қолдансаң, зиянын көресің - Ермекбаев

вкл. .

Дін мейірім шашуы керек. Оның пайдасын дәрімен салыстыруға болады. Алайда оны шамадан тыс пайдалану зиянын тигізуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен басшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған министрлікті құру барысында оған нақты тапсырмалар беріп, айқын міндеттерді жүктегенін атап өтті.

Министр дін туралы заң жобасында киім мен сақалға қатысты сөздердің жоқ екенін айтты

вкл. .

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Мәжілісте қаралып жатқан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасында адамдардың киімі мен сақалына қатысты талаптар қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ВИЦЕ-МИНИСТР АҚТӨБЕДЕ ЖОЛДАУДЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАДЫ

вкл. .

25-26 ақпан күндері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын іссапармен Ақтөбе облысына келді.

Қазақстандықтардың 90% теріс діни ағымдарға қарсы

вкл. .

Қазақстандықтардың басым бөлігі қалыпты дін мен радикалды идеологияны ажырата алады. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. "Бүгінде халықтың көпшілігі қалыпты дін мен радикалды идеологияның ара жігін ажыратуды үйренді. Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, қазақстандықтардың 90 проценті мемлекеттік саясатты қолдап, теріс діни ағымдарға төзбеушілік танытады", - деді Нұрлан Ермекбаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.