Қадыров 300 хафизге диплом табыстады

вкл. .

Шешенстан астанасы Грозный қаласындағы хафиздар даярлайтын Хеди Кишиев атындағы мектепті 300-ден астам шәкірт тәмамдап, арнайы дипломға ие болды. Бұлардан бөлек, төрт оқушы ижазаға ие болды.

Хеди Кишиев атындағы хафиздар даярлайтын мектепте өткен салтанатты шараға ел басшысы Рамзан Қадыров келіп қатысты. Ол өз сөзінде хафиздерді оқу курсын аяқтауларымен құттықтап, ел игілігі жолында жемісті қызмет етулерін тіледі. «Сендер енді хафизсыңдар! Ізгі ілімнің иесісіңдер!» – республика басшысы.

Харам мешітінде жаңа матаф ашылады

вкл. .

Мекке қаласындағы Харам мешітінің аумағын кеңейту жұмыстары барысында жаңа матаф пайда болатыны белгілі болды. Ескерте кетейік, қасиетті Қағбаны айналып, тауап қылатын аумақ матаф деп аталады. Енді оның жаңа сыйымдылығының арқасында бір сағат ішінде 100 000 адам тауап жасай алады.

Биылғы оразаның ұзақтығы – 32 жылда бірінші рет

вкл. .

Сауд Арабиясында биылғы ораза уақыты соңғы 32 жыл ішіндегі ең ұзақ мерзімге сәйкес келіп отыр. Бұл жайында Шардж Планетариясының ғылыми қызметкері Ибрагим әл Джарван мәлім етті.

Оның айтуынша, биылғы жылы Сауд Арабиясындағылар 15 сағат 15 минут бойы ас пен судан, нәпсі қалауларынан тыйылатын болады. Планетарияның астрономия, метеорология ғылымдары бойынша жетекші маманы ауыз бекіту уақытының жылдан-жылға артып отыратыны туралы айтады. Бұл жағдай 2018-жылға дейін жалғасады дейді ол. Ал, одан соң керісінше ауыз бекіту мерзімі жыл санап кеміп отырмақ.