Дін істері және азаматтық қоғам министрі халық алдында есеп береді

вкл. .

13 маусымда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың халық алдында есеп береді. Министр кездесуде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтпақ. Сондай-ақ есепті кездесу барысында халықтан түскен сұрақтарға жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференц байланыс жүйесі қамтамасыз етіледі.

 

Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі www.bnews.kz интернет-порталы арқылы тікелей эфирде көрсетілмек. Өтетін орны: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі-4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының кино-концерт залы. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне қатысты сауалдар мен ұсыныстарды тұрғындар This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына немесе 8 (7172) 74-18-48, +7 (7172) 74-18-68 телефондарына хабарласу арқылы жолдай алады.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту