ҚАЗАҚСТАН ӨМІР СҮРУГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЕЛДЕР РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

вкл. .

Өмір сүруге қолайлы орташа бағалар Нью-Йорктегі көрсеткіштермен салыстырылған. GOBankingRates порталының сарапшылары өмір сүруге қолайлы 50 елді іріктеп алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі InAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. Сараптама жүргізу үшін тұтынушылардың не сатып алатыны, жылжымайтын мүліктің, мейрамхана және басқа да ойын-сауық орындарында көрсетілетін қызмет бағасы есепке алынды. Үш көшбасшы қатарында Үндістан, Сауд Арабиясы және Пәкістан бар.

Өмір сүруге қолайлы мемлекеттер тізімінің ең соңында Венгрия тұр. Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде Украина 6-орында, Грузия 16-орында, Белорусь 27-орында, ал Қазақстан 31-орында тұр. Порталда Қазақстан әсем табиғатымен ерекшеленетіні, сондай-ақ жалдайтын пәтер бағасы Нью-Йоркпен салыстырғанда 89%, азық-түлік бағасы 72%, жалпы өмір сүру бағасы 66% арзан екені жазылған.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту