ЕРДОҒАН АРАКАН МҰСЫЛМАНДАРЫНА КӨМЕК КАМПАНИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

вкл. .

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Twitter желісінде көптеген танымал тұлғалардың, оның ішінде белгілі блогер Жером Джарр мен француздық актер Омар Сидің қолдауына ие болған «#LoveArmyforRohingya» рохиньялық мұсылмандарға көмек кампаниясына үн қосты.

Түркия президенті өзінің Twitter микроблогында француздық блогердің аракандық мұсылмандарға көмек көрсету үндеуіне жауап берді. «Қымбатты Жерор Джарр! Біз мұқтаж адамдар қайда болса да көмектесуден ешқашан бас тартпаймыз. «#LoveArmyforRohingya» кампаниясына біз мынадай гуманитарлық ұйымдар арқылы қолдау білдіреміз: AFAD, TİKA, Түрік Қызылжарты ай және Turkish Airlines әуе компаниясы» дейді Ердоған. Еске салсақ, бұған дейін Жером Джарр Twitter парақшасында: «Біз сіздердің әрбіріңіздің қолдауларыңызға мұқтажбыз! Біздің миссиямызды орындау үшін Түркия республикасының президентінен көмек сұраймыз! @RT_ERDOGAN'ı RT және #ErdoganHelpRohingya тегтерін қолдануларыңызға болады» деп жазды. Twitter желісіндегі Түркия президентінің рохиньялық мұсылмандарға көмек көрсету кампаниясын қолдауға шақырған тегі Франция қоғамында ең көп талқыланған тақырыпқа айналды. Ал #ErdoganHelpRohingya жолдауы әлем бойынша көптеген елдерге қызу талқыға түсті.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту