Шынболат Әлімқұлұлының «Азаматтық неке немесе некесіз қарым-қатынас» тақырыбында берген сұхбаты

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің найб имамы Үмбетов Шынболат Әлімқұлұлының «Иман нұры» бағдарламасына «Азаматтық неке немесе некесіз қарым-қатынас» тақырыбында берген сұхбаты

"ҮЛКЕН СҰРАҚ" спектаклі

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» КММ тапсырысы бойынша дайындалған «Үлкен сұрақ» қойылымы жұртшылық назарына ұсынылған болатын. Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы драма театрда тұсаукесері өтті және оны сізге де тамашалауға мүмкіндік туып отыр. «Үлкен сұрақ» - тағдырдың тауқыметін көріп, деструктивті діни ағымнан әбден зардап шеккен қыздың өмірбаяны туралы қойылым.

"ҚАРА ЖОЛ" көркем фильмі

2017- жылы "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" ММ, "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" КММ тапсырысы бойынша жастарды жат ағым ықпалынан сақтау мақсатында "Қара жол" көркем фильмі түсірілген болатын. Фильмнің сюжеті қарапайым: Камал есімді ауылдың қара баласы мектеп бітіріп қалаға келеді, университетте оқиды. Студенттік өмірдің қызығын көріп жүргенде деструктивті діни ағымның ықпалына түсіп адасады. Оның санасы әбден уланады, туған-туысқандарын жатсынады, ата-анасынан алыстайды, отбасын ойрандайды. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында діни реадикализм мен экстремизмнің енуі мен тарауы ең күрделі проблемаға айналған өзекті мәселе. Фильм түсірудегі негізгі мақсат та осы проблемалардың алдын-алу, жастарды деструктивті діни ағымдардан сақтандыру болып табылады.