22

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АҢСАРДА

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің орынбасары Әбішев Еркін Жұмаханұлы бастаған топ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығына келіп, орталық тынысымен танысты. Орталықтың басшысы Нұрсұлтан Берікұлы Ақтөбедегі діни ахуал жайында баяндай келе, тың тәжірибелерімен бөлісті.
Облыс және қала әкімдерінің тапсырмасына сәйкес облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мақсатты аудиториялармен жұмысы, қолданатын әдіс-тәсілдері қандай нәтиже беріп жатқанын баяндады. Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Махмут Марат мешіт жамағаттарына қатысты қандай жұмыстар атқарылып жатқанына, ал мектеп директорлары Жасұлан Айтжанов пен Айбек Алимжанов білім беру ұйымдарымен бірлесе жасалатын жұмыстарға қызығушылық білдірді.
Қызылордадан келген қонақтарға орталығымыздың студиясы таныстырылды. Және де «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бастамасымен жарық көрген ақпараттық кітапшалар, жадынамалар мен бейнематериалдар сыйға берілді.

Комментарии закрыты.