40

ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Облыс басшысы Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында жауапты мамандар Қарғалы ауданында да қарқынды жұмыс істеуде. Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ш.Үмбетов, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Ж.Мирманов, Дін істері басқармасының бас маманы А.Хасен №1 және №2 Бадамша орта мектебінде «Дін жəне дəстүр» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мен мұғалімдерге ұлттық құндылықтар және ислам мен салт-дәстүрдің сабақтастығы жайында дәріс оқылды. Сонымен қатар мамандар ата-аналар жиналысына қатысып, бала тәрбиесі мен оларды жат ағымнан сақтандыру секілді өзекті мәселелерді талқылады. Ал полиция қызметкерлерімен кездесу барысында теріс діни көзқарасты ұстанушылардың айрықша белгілері мен ерекшеліктері жайында сөз етті.

Комментарии закрыты.