47

ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДА

Облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері – Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы Вороневич Ольга Александровна мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Жусупов Бауыржан Торғайұлы Мәртөк ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жайсаң көпсалалы колледжі Мәртөк филиалының студенттерімен кездесу барысында білікті мамандар колледж студенттеріне дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдарын толық түсіндіріп өтті. Сонымен қатар мамандар Мәртөк ауылының №1 және №3 орта мектептерінде оқушылармен жүздесті. Кездесуге жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылды. Сұхбат барысында жат ағымды ұстанушылардың жастарды өз тараптарына тарту жолдарын түсіндіріп, олардан сақтану жолдары мен әлеуметтік желілерді қолданудың пайдасы мен зияны туралы толық ақпарат берілді.

Комментарии закрыты.